ле Алатауында өсетін кордицепс саңырауқұлағы адам өмірін 150 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
«Іле Алатауында, 3 мың шақырымға жуық биіктіктегі жәндіктердің бойынан кордицепс деп аталатын қызықты саңырауқұлақ табылды. Оның құрамындағы көптеген микроэлементтер саңырауқұлақтың фармацевтикалық құндылығын арттыра түседі. Кордицепс жеп өлген жәндіктердің тіні шірімейді және оған бактерия қонбайды. Бұл саңырауқұлақ құрамындағы кордицепин деп аталатын табиғи антибиотиктің арқасында болатын құбылыс», - дейді А.Сағитов «Казахстанская правда» басылымының бейсенбідегі санында жарияланған сұхбатта.
Ғалымның айтуынша, кордицепс жазық жерлерде де өседі, бірақ, таудың ұшар басында өсетін саңырауқұлақтар ғана емдік қасиетке ие.
«Бұл жағынан алғанда біздің еліміздің жолы болып отыр: адамның өмірін 150 жылға дейін ұзартуға болады, мұндай мүмкіндікті жіберіп алу бассыздық болар еді», - дейді академик.
Оның айтуынша, кордицепс бүйректердің қызметін қалпына келтіреді, тромбоцит пен лейкоцит тапшылығын емдейді, жүрек-қан тамырлары аурударында; ұйқысыздық пен жүйке тозғанда; ерте қартаю, өткір және созылмалы гепатит, әртүрлі ісіктердің, тыныс алу жолдары ауруларының алдын алуға, қант диабеті мен ұйқы безі сырқаттарын емдеуге көмектеседі.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Объяснение:
Судың жарнамасы.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Біздің "Таза су" компаниясы - Қазақстандағы ең ірі су өндіруші компания. Біз сіздерге артезиандық ұңғымадан шыққан, жеті сатылы тазалаудан өткен ауыз су ұсынамыз.
- Үйге дейін ыңғайлы уақытта тегін жеткізіп беру қызметі.
- Зейнеткерлер мен балалы отбасыларға арналған жеңілдіктер.
- Кез - келген уақытта зертханаға келіп, тазалау процесін көру мүмкіндігі.
Тапсырыстар күнделікті сағат 8.00 - ден 22.00 - ге дейін 8 777 111 22 33 және 8 7172 11 22 33 телефондары бойынша қабылданады.