Спорт туралы.
Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын. Адамдар түрлі спорт түрлерімен әр түрлі мақсатта айналысады: біреулері денсаулығын нығайту үшін, енді кейбіреулері өзін – өзі дамыту үшін, ал басқалары моральді қанағаттану үшін. Спорттың қай түрі болмасын, барлығы да денсаулыққа пайдалы екенін ұмытпайық. Ал сіз қай спорт түрімен шұғылданасыз?
Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. А көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.