Д0лгат
30.10.2020 14:58

Берілген мақалдардан:
1. Сын есімдерді табу
2. Болымсыз етістіктерді табу
3. Тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу
Мақалдар:
1. Ата қоныс – алтын мекен.
2. Ата мекен – анаң екен,
Қысылғанда – панаң екен.
3. Әркімнің өз жері жұмақ.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5.Туған жердің жері де көрікті,
6.Елі де сүйікті.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nikgtacs59
10.10.2020 06:13

Аспанды бұлт құрсайды -

Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды -

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды -

Күйбендескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!

Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің,

Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!

Білерді білмес не демес,

Сұлтан ием, сен менің

Бармай тапқан Қағбамсың!

Алтынды кесе сары бал

Алсам, мен саған ұсынармын,

Тал мойныма қол артсаң,

Күліктен бек ұнармын.

Көбең семіз торыңмын,

Көп құлыңның бірімін.

Жақсыңнан мені кем көрдің,

Жаманыңмен тең көрдің.

Жақсыңнан мені кем көрсең,

Жаманыңмен тең көрсең,

Ұялы берікке қос артып,

Сен есенде, мен сауда

Ырысымды сындайын,

Сегіз қиыр шартараптан іздермін!

Еділден аққан сызашық

Біз көргенде тебінгіге

Жетер-жетпес су еді -

Телегейдей сайқалтып,

Жарқыраған беренді

Теңіз етсе, Тәңірі етті!

Жағасына қыршын біткен тал еді -

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе, Тәңірі етті!

Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып,

Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің,

Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті

Вот

0,0(0 оценок)
Ответ:
ievlevaaleksanra
26.05.2020 05:44

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 


Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота