Театрға саяхат
Менің көктемгі мектептегі демалысымды пайдаланып, сенбі – жексенбі күндерінде Астанаға жол тартып келдік. Ондағы себеп – біраз қыдырып, сол жақтағы туған – туыстарды аралар қайту еді. Сонымен қатар, осы жолы Астанаға Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольмен келген екен. Аталмыш театр репертуарынан Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзиклына отбасымызбен баруды үйғардық. Себебі бұл - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертті. Әуенге толы драма әсерге де толы болды. Қойылымда Шәмші мен сыған қызы Изольда арасындағы махаббаттан дүниеге «Сыған серенадасы» әні келді. Спектакль әйгілі композитордың әндерінің сүйемелдеуімен өтті.
Бұл менің алғаш театрға баруым болды. Қойылым барлығымыздың көңілімізден шығып, ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл нәзік сезім мен кіршіксіз махаббаттың жемісі болды.
Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым. Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы. Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.