Keenio
12.09.2021 03:33

Сөйлемдерден топтау үстеулердің тап

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
adochka777
27.07.2021 17:33

Эссе

Көне ескерткіштер - дала көркі.

   Ескерткіштер - қай халықтың болмасын өшпес қазынасы.Ата-бабамыз кең даламыздағы көне ескерткіштерді көздерінің қарашығындай сақтасын деп мұра ретінде бізге,жас ұрпаққа,аманат етті. Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал соның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылы  ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.Біз үшін бұл үлкен мақтаныш.

   Ескерткіштер түрліше болады. Ескерткіштерді негізгі төрт түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер,тарихи ескерткіштер,сәулет өнері ескерткіштері, монументтік ескерткіштер.Сондай-ақ,ескерткіштерге тарихи-танымдық немесе тарихи-көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.Сонау дәуірдегі Орхон ескертіштерінен бастап,Арыстан Баб,Қожа Ахмет Ясауи,Айша Бибі,Алаша хан,Қарахан,Жошы хан кесенелері мен күмбездері,обалар,малта тастар мен археологиялық қазбалар - бәрі-бәрі осынау қазақ даласының әшекейлері.

Шоқан Уәлиханов бір сөзінде: «Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ» деген екен.Шынымен де,олар сол заманнан мол мәлімет беріп қана қоймай,біз ғана емес шет елдік туристер де ағылып келетін көненің көздері ғой.Осындай ескерткіштерімізді сақтау - біздің борышымыз деп білемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Андрей15777
03.02.2021 05:29

Қазақтың айтыскер, суырыпсалма және жазба ақыны, драмалық актер, филолог Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. М. Төлебаев атындағы музыка колледжінің «Драмалық театр актері», Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандықтарын оқыған. «Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл). Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған. Ол 2001–2010 жылдар аралығында аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы, Аягөз ауданының құрметті азаматы, «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Аманғазы Кәр жылы Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. Өлеңдері республикалық газет-журналдарда жарияланды. Аманғазы Кәр жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан. «Жаралы Желтоқсан», «Желтоқсан сүргіні», «Желтоқсан жыры», «Жүректегі жұлдызым», «Батыр Қайраттың балалық шағы», т.б. кітаптарының авторы. 2011 жылдан Желтоқсан ардагерлерінің республикалық «Желтоқсан ақиқаты» газетінің бас редакторы. Сондай-ақ Шақшақ Жәнібекке арналып өткен жыр мүшәйрасының бас жүлдегері, Бұқар жырауға арналған республикалық жыраулар байқауының үшінші жүлдесін және бірнеше ақындар айтысының жүлделі орындарын иеленген.

Айтыскер ақындар – Ринат Зайтов пен Аманғазы Кәр айтыста қазақ елінің тәуелсіздігін жырлады. Тәуелсіздік идеясы екі ғасырдан астам уақыттан бері келе жатқан ұлы мұрат екенін айтып, оны Абылай ханның дәуірімен байланыстырады. Бұл айтыста ақындар халықтың болашағын, Тәуелсіздік мерекесінің маңызы мен мәнін ашып айтты. Айтыс ақындары жас ұрпаққа тәрбиелік мәні бар терең ойлы ақиқат пен аманатты жеткізді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота