erika20122003
28.08.2022 08:00

дам казахский язык
берем казак тілі
1 – тапсырма Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қазіргі айтыстардың тақырыптары алуан түрлі. Сондықтан ақын айтысқа түсу үшін көп іздененеді. Материал жинайды. Сол уақыттың жақсы-жаман жаңалықтарын меңгереді, ой түйеді. Айтыскер ақын өз жа елінің, туған жерінің тарихын, географиялық және этнографиялық ерекшеліктерін, атақты адамдарын, салт-дәстүрін білуі тиіс. Өзімен айтысатын ақынның кемшіліктерін, ұнамсыз мінезін білгені тиімді болады. Оны қарсыласына қарсы қолданған. Майталман айтыскерге қойылатын талап бұрынғыдан күшеймесе, азайған жоқ. Себебі ақындардың сөзі қашан да халықтың сөзі болған. Ринат Зайытов, Дәулеткерей Кәпұлы, Айбек Қалиев сынды ақындар әлеуметтік мәселелерді көтеріп, көрермендердің ықылас-ілтипатына бөленіп жүр. Қазіргі кезде қазақтың айтыс өнері өте жақсы дамыған. Елімізде жақсы айтыс мектебі бар. Оның дәлелі ретінде айтыс мектебінің өкілдері - Аманжол Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Рүстем Қайыртайұлы, ы, Сара Тоқтамысқызы, Балғынбек Имашев, Бекарыс Шойбеков және т. б. өнерлі, ділмар айтыскер ақындарды атауға болады. Қазіргі кезде ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы жиі болады.

1. Айтыскер ақын болу үшін қандай болу керек?
2. Айтысқа түсетін ақын қалай дайындалады?
3. Қандай айтыскер ақындарды білесің?

2 – тапсырма. Мәтіннен айтыскер ақынға қойылатын үш талапты жаз.
1.
2.
3.

Үй жұмысы. Мәтінде келтірілген айтыскер ақындардың бірін таңда. Ғаламтордан ол туралы ақпарат тауып, қысқаша хабарлама дайында.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Әзірлеуші: Есжанова С.А., №165 мамандандырылған лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yaltame
13.02.2023 04:47

Есік ашылғанда ит арс етті. Иттердің арс-арс етіп үргені естіледі. Тамшы терезеге тырс етті. Жаңбыр бірте-бірте қатты жауа бастады да тамшылар тырс-тырс етіп естілді. Ол менің жауабыма мырс етті. Көпшілік арасында мырс-мырс еткендер де болды. Күрк етіп жөтеле бастады. Ол енді күрк-күрк етіп, тоқтамастан жөтеле берді. Алыстан жарқ еткен жарық көрінді. Ол жарқ-жарқ еткен машина жарығы екен. Доп суға күмп етті. Олар суға бірінен соң бірі күмп-күмп секіре бастады. Мына дауыс мені селк еткізді. Ол бұған селк-селк етіп күлді. Қарғаның аузындағы сыр жерге салп етті. Салп-салп еткізбей етегіңді жина. Перде желп етті. Желп-желп ете бермей, үйде тыныш отыр.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
puremoorning
26.07.2022 06:57

Отбасы - тәрбие бастауы

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота