«Егер мен миллионер болсам» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Нұрсұлтан, сен не істеп отырсың? Сурет салып отырмысың?
Нұрсұлтан: Жоқ, аға. Армандап отырмын.
Еркебұлан: Ал мынау суреттер не үшін?
Нұрсұлтан: Аға, «армандар картасы» дегенді естуіңіз бар ма? Міне, мен сол бойынша армандарымды жазып отырмын. Дәл қәзір миллионер болуды армандап отырмын
Еркебұлан: Бәрекелді, бауырым! Арманың керемет екен. Сонда миллионер болсаң, қайтер едің?
Нұрсұлтан: Әрине, алдымен ата - анама қаржылай көмектесетін едім. Одан кейін өзім көптен армандап жүрген ойыншықтарды сатып алушы едім. Одан кейін ақшаның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсар едім. Менің ойымша, қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Қайырымдылыққа біршама қаражат жұмсалып кетті" деп қынжылмау керек, себебі "кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді.
Еркебұлан: Жарайсың! Сенімен толықтай келісемін.
Нұрсұлтан: Рахмет, аға. Бірақ мен бір сәтте бай болып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, бай болатыныма сенемін.
Еркебұлан: Дұрыс айтасың. Армандарыңның орындалуына тілектеспін.
Күн сәулесі төгілгені – әдемі,
Кемпірқосақ керілгені – әдемі.
Көк шалғында асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрінеді – әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны – әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны – әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.
Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,
Әжеміздің күлген көзі – әдемі.
Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,
Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.
Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,
Шарықтата әнге салсаң – әдемі.
Ұлан-сыр думанды-той үстінде,
Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.
Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны – әдемі.