Музыка (гр. μουσική, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
Менің сүйікті тағамым.
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз ет пен манты тағамын сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндерге үнемі манты пісіріп, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады.
Манты – орталық Азия халықтарының қамыр мен туралған (немесе тартылған) еттен әзірленетін ұлттық тағамы. Етті қолдан ұсақтап турап немесе тартылған еттен әзірлейді. Манты пісіру үшін арнайы дайындалған қамырды жұқа етіп, оқтаумен жайып, төртбұрыштап немесе дөңгелектеп ұсақтап кеседі де, ет пен пияз, тұз, бұрыш қосып дайындалған фаршты үстіне көз мөлшермен салып жиектерін, саусақтың ұшымен жапсырады. Отбасымызда мантыны мерекелік күндері әзірлегендіктен, барлығымыз анамызға көмектесіп, мантыны бірге түйеміз. Қалауыңық бойынша ет пен пиязға асқабақ немесе орамжапырақтыұсақтап турап қосуға болады. Түйілген мантыны арнайы табақша ыдыстарға тізіп салып, буға 40 – 45 минут пісіреді.
Манты піскенше тұздығын дайындауға болады. Біз үйде тұздығына пияз бен сәбізді қосып, қуырамыз. Сәлден соң үстіне кішкене су құйып, тұз бен қызанақ пастасын қосамыз.