skutovakseniya2004
12.10.2022 07:20

Тапсырмалар:
Баламасы бар терминдердің қазақша атауын сөздіктерден табыңдар.
Үлгі бойынша екі бағанға бөліп жазыңдар.

Глобус, комплекс, археология, континент, график, фонетика, мелодрама,
миф, объект, реализм, аэропорт, роман, сатира, резюме, фольклор, лексика,
текст, жанр, квадрат, коллектив.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
refoinda
17.03.2021 10:16

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін  дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.

«Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау  қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.  

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
SkipMe
31.12.2021 15:05

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

Объяснение:

көмегм тиді деп ойлим

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота