Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек.
Ине, ит, көз сөздері бар фразеологизмдер катыстырып сөйлем құрау.
Жерлесіміз Қуандық Рахымның туған қаласында өткен концертінде ине шаншар жер болған жоқ (зал толық болды, бос орын болған жоқ деген мағынада).
Әдетте, қолөнер үйірмесіне қатысатын қыз балалардың барлығы иненің көзінен өткендей болады (пысық деген мағынада).
Бүгін таңертең есік алдында көрші апайлар бір – бірінің ит терілерін басына қаптап жатқаннан оянып кеттім (ұрысу деген мағынада).
Хамит оқу бітірердің алдында емтихандарын уақтылы тапсыра алмай, әбден ит болды (қор болды, қиналды деген мағынада).
Дүкен аралап жүріп, жанымда жүрген құрбымнан көз жазып қалдым (адасып қалдым, жоғалтып алдым деген мағынада).
Көзді ашып – жұмғанша кезекті оқу жылы да аяқталып қалыпты (тез деген мағынада).