Адами қасиеттер – халықтың өмірінде, әдет-ғұрпында, дүниетанымында ерекше орын алатын қасиеттер. Олар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Қай кезде де, қай заманда да адамға тән адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, азаматтық, қарапайымдылық тәрізді асыл қасиеттер жоғары бағаланды. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның арасында мәңгілік күрестің жүріп жататыны сияқты адамдық қасиеттердің мәнін солғындатып, көлеңке түсіретін жағдайлар да бұл өмірде болып жатады. «Сөзтанымның» бүгінгі шығарылымында біз қазақтың дүниетанымындағы адами құндылықтар жайында айтамыз. Қазақ халқы жас ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа, абыройлы болуға, әдептілікке қалай тәрбиелеген? Осы жөнінде әңгіме қозғаймыз. бъяснение:
Әр елдің астанасы мемлекеттің алтын бесігі болып саналады. Ал қазақтың төрт құбыласындай болған төрт астананың мемлекеттің мемлекет болып, ұлттың ұлт болып қалыптасуында алар орны ерекше. Олар: Ресей жеріндегі Орынбор, Сыр бойындағы Ақмешіт, Алатау баурайындағы Алматы және Сарыарқа төсіндегі Астана. Біз Ақмешіт алаштың алғашқы астанасы деп мақтан тұтуымыз тегін емес . Өйткені 1920-25 жылдары Орынборды Қазақ-қырғыз АССР ның әкімшілік орталығы деп аталды. Одан кейін астана мәртебесі қазақ қалың жайғасқан ата қоныс жібек жолының басты торабы ретінде Сыр бойының бас қаласы Қызылордаға берілді. Осы тұста мемлекетіміздің тарихы қалыптасуына, қазақ халқының тарихи атауының қайтарылуына қызмет жасады. Иә, талай сырды қойнауына бүккен, талай тарланды қанатандырған Сыр шахарының көшелерінде өмір ағымына, халық тағдырына қабырғасы қайысқан қайраткерлер Сәкен, Бейімбет Ильястарлың ізі сайрап жатыр. Сол заманда саз балшықтан соғылған темір жолы вокзалы, қазақ драма театры, өндірістік нысандар Ақмешішітте бой көтерген алғашқы ғимараттар бүгінде көненің көзіндей сыр шертіп тұрғандай. Осынау заманмен ілесіп, талай ұрпақ дүние есігін ашып, қазақ деген атқа лайықты өмір кешіп келеміз. Бүгінде бірлігі бекем, тұтастығы мол егемен елде тұрып жатырмыз. Ал еңселі елордамыз Астана күннен күнге қарыштап дамып, әсемдігімен баурап алуда