Айтыс өнері - қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Суырып салма ақындардың өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасуы байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзде де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңде де болуы мүмкін.