Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
Бүгін ашық аспан, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Күн жарқырап, нұрын таратып тұр.
Бірден батыс жақтан көз ұшында бұлдырай көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады.