Ба з беттерін қысқарған сөздері бар сөйлемдерді жазу (ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігінің материалдары негізінде).
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған Түркістанды аралады.
Еуразия аймағы бойынша ҚХР өкілдігінің арнайы өкілі, Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ли Хуэй «Бір белдеу – бір жол» бастамасының басты нәтижелерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа моделі және МӘМС пакеті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш деңгейлі медициналық қамсыздандыру жүйесін енгізуді қарастырады.
ҚР СІМ (сыртқы істер министрлігі) ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ирактан қазақ балаларын қайтару операциясы әлі жүргізілмегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордада 9 қазанда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиынында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ирактан бірнеше баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды. Биылғы жылғы Наурызда қала әкімі барша тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.Сондықтан Наурыз бәрінің жақсы көретін мерекесі деп ойлаймын.
Объяснение: