Қазақ даласында қолөнер ерте дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажет бұйымдарды қолдан жасады. Бұйымдарды талғаммен әшекейледі. Халық өнерді ерекше құрметтеді. Қазақ әйелдері киіз басты, сырмақ жасады, тұскиіз кестеледі. Сақтар алтын-күміс, асыл тастардан әсем бұйымдар жасады. Олар бағалы металдан бұйым жасау технологиясын керемет меңгерді.