Автор бұл өлең жолдарында Тәуелсіздікті ту еткен ел жайлы жазған. Тәуелсіздік - әр елдің ең бағалы қазынасы. Ол елімізге оңай келген жоқ, оған қол жеткізу үшін талай қиын-қыстау шақтарға төзіп, қатал заманға қарсы тұра білдік. Ақырында сол еңбегіміздің ақталғаны ма, егемендігімізді алып, тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылдық. Енді сол ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.