Қазақстан – мәңгілік ел!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына 2014 жылдың 17 қаңтарындағы кезекті жолдауында «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық» деген болатын.
Шынымен де, тарихқа бір сәт көз жүгіртер бослақ, тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз қарқынды дамып, әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар, тәуелсіз, демократиялық, зайырлы елге айналды. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қазақстанның кең байтақ жерінде 130 – дан астам ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп келеді.
Елбасымыз Мәңгілік елдің болашағы жастар екенін ескере отырып, тәуелсіздік алғаннан кейін бар болғаны екі жылдан кейін 1993 жылдың 5 қарашасында «Шет елдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын белгілеу туралы»қаулы шығарып, осылайша «Болашақ» бағдарламасы пайда болған. Осылайша 27 жылда еліміздің қарқынды дамуына өз үлестерін қосып жатқан қаншама дарынды жастарымыз шетелде білім алды. Бұл әлем елдерінде теңдесі жоқ бағдарлама десем де болады.
Болашақта Қазақстаным одан әрі гүлденден, дамыған мемлекеттер қатарында болу үшін біз, жас буын бәсекеге барынша қабілетті, әрі білімді болуымыз керек!
1 мамыр жайлы шағын шығарма
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні менің сүйікті мерекелерімнің бірі, себебі Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлттар достастығы жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, ұлтжанды азамат болу керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.