Ең үлкен күш кімнің күші? Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде, жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.
А туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.
Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесі бір деммен оқылатын ғылыми фантастикалық тақырыпта жазылған. Шынымды айтсам бұрын бұндай тақырыптағы әнгімелерді мүлдем оқымайтынмын, бірақ бұл әнгіме ерекшеленді. Себебі бұл жай ғана әнгіме емес үлкен терең мағыналы әңгіме.
Қысқаша тоқталсақ, шығарманың басты кейіпкерлері Мерген мен Сартай планетолог әкесімен бірге Айға сапарға барады. Экспедиция нәтижесі Айдың белгілі бір күрделі себептердің нәтижесінде тіршіліксіз тоқтап қалғанын дәлелдеді. Бұл себептердің бірі тазалық сақтамау. Бізде соған жақындап келеміз.
Қазіргі таңда көптеген қоқыстың өнделмей, тасталып, жердің құнарлығын төмендетіп жатқанын байқауға болады. Бұл үлкен мәселе, бірақ оны шешуге болады. 2020 жыл Қазақстанда волонтерлер жылы. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Неге бірге өз қаламызды тазаламасқа, ағаштар отырғызып игі іс атқармасқа?! Бұл біздің Озон қабатын кішкене болсын сақтап қалуға көмектесер еді.