Әбілхан — туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Танымал туындылары:«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
«Отбасындағы асыл адамдар»
Ата-елдің, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария. Әже-әкеңнің, шешеңнің анасы. Отбасының, елдің сыйлы анасы. Балалардың тәрбиешісі, ақылшысы. Әке-үйдің басшысы, асыраушысы. Отбасындағы балалардың қамқоршысы. Ана- өмірге бала әкелген, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін берген ең аяулы жан. Ол- отбасының берекесі, ырысы, ақылшысы, негізгі тұтқасы. Ұл бала- қазақ отбасындағы шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы. Қыз бала - елдің сәні, көркі,өмірдің гүлі, отбасының қуанышы. Ол - ана. Оны мәпелеп, аялап, сыйлап жүру керек.