alesa6002
07.05.2023 02:43

Сұрақтарға жауап бере отырып жалғауларды дұрыс қос. Жалғаудың түрін анықта.

Айтыскер ақындар – Р. Зайытов пен А. Кәр айтыс... (неде?) қазақ елінің тәуелсіздігі... (несін?) жырлады. Тәуелсіздік идеясы екі ғасырдан астам уақыт... (неден?) бері келе жатқан ұлы мұрат екенін айтады. Оны Абылай хан Дәуірі... (қашаннан?) байланыстырад

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Frapado
24.08.2022 04:57
Сүт тағамдары – сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айран, қатық, құрт, қымыз, сүзбе, шұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі.Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
0,0(0 оценок)
Ответ:
xxx158
26.04.2022 00:07

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім?

Мен көктемгі демалысымды қалай өткіздім? деген сұраққа жауап берер болсам, ең ұзақ тоқсан болып саналатын үшінші тоқсанның аяқталуын осы жолы тағатсыздана күттім. Себебі, биылғы көктемгі демалысымды әдеттегідей қалада емес, алтын бесік саналатын ауылда өткізетін болдым. Наурыз мейрамын қайнаған тірліктің ортасы ауылда өткізетіндіктен, бұл мейрамды асыға күттім. Сонымен, демалыс басталысымен мен ауылға жол тарттым. Бұл жерде «Наурыз – Думан» атты мерекелік іс –шараға қызу дайындық басталып кетіпті. Ауылдың ортасында киіз үйлер бой көтеріп, олардың іші ұлттық нақышта көркемделіп қойыпты. Тура Наурыз тойланатын күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, орталық алаңға жинала бастады. Ауыл – аймақтың барлығы осында, жастар алтыбақанға мініп, асыр салып ойнап жүр. Апалардың біреулері Наурыз көже өзірлеп, ет асып жатса, басқалары бауырсақ пен шелпек дайындауда. Наурыз - Думан ауыл әкімінің құттықтау сөзімен басталып, ары қарай сахналанған көрініске ұласты. Осы күні ауылда жақын ауылдық жерлерден жиылған шабандоздар арасында аламан бәйге ұйымдастырылып, бас жүлдеге біздің ауыл тұрғыны ие болды. Мерекелік іс  - шаралар бірнеше күн бойы жалғасын тапты. Мен көктемгі демалысымды осылайша қызықты өткізіп, тіпті демалыстың бітіп қалғанын да байқамай қалыппын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота