Маджидия
14.08.2022 12:27

1. Көсемшені көрсетіңіз
A) Айтар
B) Жазып.
C) Бару
D) Көрген.
E) Келмек.
2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыстар бар екенін көрсетіңіз.
A) 12
B) 10
C) 14
D) 11
E) 16
3. Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
A) Қала, астана, аймақ.
B) Бау, бақша, егін.
C) Дәреже, абырой, көрнекті.
D) Ас, тамақ, тағам, дәм.
E) Жоғары, төмен, аласа.
4. «Кейде» жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екнін көрсетіңіз.
A) Себеп – салдар салалас.
B) Қарсылықты салалас.
C) Кезектес салалас.

D) Ыңғайлас салалас.
E) Талғаулы салалас.
5. Қазақша аударылған кірме сөзді табыңыз.
A) Ақа.
B) Кебеже.
C) Хан.
D) Диалект.
E) Тікұшақ.
6. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес түйені де көрмес.
B) Көрмес түйені де – көрмес.
C) Көрмес – түйені де – көрмес.
D) Көрмес түйені – де көрмес.
E) Көрмес – түйені де көрмес.
7. Төл сөздің анықтамасын табыңыз.
A) Біреудің сөзінің мазмұнын айту.
B) Біреудің сөзін өзгертіп айту.
C) Көп адамның сөзі.
D) Жеткізушің сөзі.
E) Бір адамның өзгертілмей айтылған сөзі
8. Үтір қойылмайтын орынды көрсетіңіз.
A) Қаратпа сөздерге.
B) Құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдер арасына.
C) Одағай сөздерге.
D) Жалпылауыш сөздерге.
E) Қыстырма сөздерге.
9. Қатыстық сын есімді табыңыз.
A) Әдемілеу.
B) Ашушаң.
C) Жаманырақ.
D) Қап - қара.
E) Жақсы.

10. Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.
A) Өзіне, өзіңізбен.
B) Өзерің, өзіңсің.
C) Өздеріміз, өздеріңіз.
D) Өзі, өзіміз.
E) Өзім, өзіңіз.
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Хат жазу.
B) Ала өкпе болу.
C) Алтын күн.
D) Ағайыншыл адам.
E) Вокзал алаңы.

12. Күшейткіш үстеулі тіркесті табыңыз.
A) Тым биік.
B) Тез келді.
C) Ертең барады.
D) Ілгері жүр.
E) Онша жараспайды.

13. « Қауқар» сөзінің мағынасын табыңыз.
A) Әлсіз, нәзік.
B) Үлкен, зор.
C) Іші - сырты.
D) Суық, ызғар.
E) Күш, қуат.
14. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A) Досын көрді.
B) Жүзін шырамытатын сияқты.
C) Күн жылына бастады.
D) Боран да басылды.
E) Жәрдемшіге хабар айтуға болады.
15. Еліктеу сөзден болған қайталама қос сөзді табыңыз.
A) Ұзынды - қысқалы.
B) Сұлу жүзді.
C) Жарқ - жұрқ.
D) Емін - еркін.
E) Жапа - тармағай.
16. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Пұшайт - пұшайт, қозым, қоңырым.
B) Сенің ойыңша, келешек туралыойламау керек пе?
C) Бәсе, бұл – соның ісі.
D) Біріншіден, айтатын ойыңызды сралаңыз.
E) Әуелі адамды түсіне білейік.
17.Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
A) Қала, көше.
B) Айна, Гүлдария.
C) Әйгерім, Батыр.
D) Көпір, Ертіс.
E) «Жас Алаш», «Парасат».
18. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Биік.
B) Тұсаулы.
C) Табыскер.
D) Білгіш.
E) Шаруақор.
19. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.

Алтынсары қадалған, оның кескіні құбыла бастады.
A) Таман.
B) Туралы.
C) Қарай.
D) Сайын.
E) Тарта.
20. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
A) Бір.
B) Тоғыз.
C) Төрт.
D) Жүз.
E) Сегіз.
21. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.
A) Арманды.
B) Ертегіміз.
C) Үшінші.
D) Қарашашпен.
E) Балаға.
22. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Тұрасың.
B) Тұратынсың.
C) Тұрғанмын.
D) Тұрарсың.
E) Тұрмын.
23. «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз.
A) Әдемі.
B) Жай жүру.
C) Лезде.
D) Алыс жер.
E) Момын.
24. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін
табыңыз.
A) Қос нүкте.
B) Көп нүкте.
C) Үтір.
D) Сызықша.
E) Дефис.
25. Себеп – салдар салаластың шылауларын табыңыз.
A) Өйткені, сондықтан, сол себепті.
B) Сондықтан, және, әрі.
C) Өйткені, сол себепті, бірақ.
D) Дегенмен, әйтсе де, ал.
E) Немесе, бірде, кейде.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
napokinnuu
15.05.2021 22:58
Соғыс не? Соғыс апат,Соғыс соққы.                 Ол соқса шығарушы бұрын жоқты                 Ол дауыл, күш мұхитын тасытады.                 Елетпей азды-көпті,ашты- тоқты. Соғыс!Не деген қорқынышты да үрейлі еді.Бұл сөз кез келген адамға соншалықты суық естілетін сөз.Қазақ еліне ең ауыр тиген соғыс-Ұлы Отан соғысы.Бұл соғыста көптеген қазақ азаматтары қаза тапты.Олардың есімдері қазақ халқының мәңгілік есінде.Олар Шы-ғыстың қос жұлдызы атанған Мәншүк пен Әлия,Талғат Бигелдинов,Ба-уыржан Момышұлы,Нүркен Абдилов,Рақымжан Қошқарбаев және тағы басқа мақтан тұтарлық аталарымыз.Бұлардың ерлік істері кейінгі ұрпақ ,біздерге үлгі болмақ.Осы соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмақ емес. Қазақ елінің басынан ешқашан қиындық,азап таусылмады.Ал  міне,қазір көптен күткен тәуелсіздігімізге де қол жеткіздік.Өз алдымызға тәуелсіз мемлекет болдық.Көк аспанда желбіреген көк туымыз , самғап шырқайтын гимніміз,елтаңбамыз бар.Біз тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз.Тәуелсіздігімізбен бірге жаңарып көптеген ақын- жазушыларымыздың шығармалары өз оқырмандары-мен қауышты.Өзіміздің кемел де,алғыр, білімді  елбасымыз бар.Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Нұрсұлтан атамыз халқы үшін өз жанын қиюға дайын.Ол жан-жақты,білімді,парасатты.Жәнеде ол елбасы болғалы бері  елінің амандығын,халқының тыныштығын тіледі.Нұрсұл-тан  атамызды елі сүйеді,ал ол елін сүйеді. Сондықтан да басқа елдер бізге  қызыға қарайтындай бейбіт ел болайық.Біз қазір"қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз.Осының бәрі-қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыздың арқасы.Біздің  әрқашан оларға алғысымыз шексіз!Қазақтай елді басқарып отырған елбасымыз,еліміз үшін туған ерлеріміз аман болсын!
0,0(0 оценок)
Ответ:
Verra990
21.07.2022 08:45
Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ТуыҚазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде "көк" сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота