51179
23.02.2022 22:31

Құрмалас сөйлем
2-нұсқа
1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.
Ол жақсы оқыса, университетке түседі.
А) Қарсылықты. В) Шартты. С) Себеп. Д) Мақсат. Е) Мезгіл.
2. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық . В) Мен барғанша, ол кетіп қалды. С) Күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық. Д) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз. Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.
3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.
С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.
4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
С) Еңбек баланы мықты етеді. Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
Е) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті. В) Ауылда жаңа мектеп салынды. С) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. Д) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. Е) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.
6. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Айжан дүкенге кетті. В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады. С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар. Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.
7. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді.
В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты. С) Ағам келетін уақыт болды.
Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. Е) Түн. Ай жап-жарық
8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.
А) Екі жай сөйлем. В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем. С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем. Д) Бағыныңқы, басыңқы. Е) Толымды, толымсыз сөйлем.
9. Салаластың түрін ажыратыңыз.
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .
А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. Д) Кезектес. Е) Талғаулы.
10. Кезектес салаласты табыңыз.
А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.
В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады. С) Қалада жаңа үйлер салынды. Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді. Е) Біз асыға кірдік.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Жай сөйлем. В) Шартты бағыныңқы сөйлем. С) Кезектес салалас сөйлем.
Д) Қарсылықты салалас сөйлем. Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.
12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
А) Кезектес салалас. В) Себеп-салдар салалас. С) Ыңғайлас салалас. Д) Талғаулы салалас. Е) Қарсылықты салалас.
13.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің. В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма. С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.
Д) Биылғы қыс суық болған жоқ . Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.
14. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.
С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.
Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А) Мен оқыған кітап қызық-ақ . В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті. С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. Д) Түн.
Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.
16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен.
С) Қыздар тоғайға шие теруге кетті. С) Бес-алты айда келді. Д) Олкөпті көрген дана қарт. Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.
17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.
А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ . Е) Немесе.
18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.
А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті. В) Арай хат жазып кетті.
С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді. Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек. Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
BOILHbIU
01.12.2022 17:43

Жалпы конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз.Құрылысына келетін болсам,конденсаторлардың негізгі құрылымы — екі өткізгішден тұрады.Оны осылай екі түрге бөлуге болады.Қолданыстағы конденсаторларға кең тараған төмен вольтты конденсаторлар жатады және олар құралдар мен аппараттардың көптеген түрлерінде қолданылады

Ал қалған конденсаторлардың барлығы арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп аталады. Оларға жоғарғы вольтты, импульстік, бөгетті жойғыш, дозиметриялық және т.б конденсаторлар жатады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
egorjanov2200
20.05.2022 09:42

Адал және түсінушілік. Нағыз дос, менің ойымша, мені соттамауы керек. Бұл адамдарды соттамау өте сирек кездесетін қасиет және менің мұндай досым болғанына бақыттымын, бұл өте керемет, кейде мен оған біреуді өлтірдім деп айтамын деп ойлаймын, бірақ ол мені соттамайды ..

Сондай-ақ, мен үшін жақындық дәрежесі тек жақсы нәрселермен (жаңалықтар, өмірлік жағдайлар) ғана емес, жаман нәрселермен де бөлісуге деген ұмтылыспен анықталады.

Нағыз дос қиыншылықта қалмауы керек, тіпті кейбір қаржылық проблемалар болса да, ол сіздің қасыңызда болып, сізді қолдауы керек.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота