svetysa95
21.07.2021 07:24

11-сынып. i тоқсанбақылау жұмысыі. лексика — грамматикалық тест тапсырмалары.1. тұрақты сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын табыңыз. стоять на своем.а) айырылып қалу b) айтқанынан қайтпауc) зым - зия болуd) қол жеткізуе) көзді ашу2. синонимдес сөздерді ажыратыңыза) асық , аула , арба b) бағлан, бұзау, қ с) әсем ,әдемі , көркемd) ғалым, ғылым, ғарыш е) домбыра, дулыға, дос3. антонимдік жүпты табыңыза) күйелі — көтеремb) биік – терең с) әсем ,әдеміd) ену – шығу е) заман – дәуір4. тура мағыналы сөзді белгілеңіза) істің көзін табады в) әкесінің көзіндей с) өз көзімен көрдіd) көкірегінде көзі бар e) елдің көзі – көрген5. сөздің дұрыс жазылуын көрсетіңіз.а) есенбай в) есембай с) есеңбай d) есемпай е) есен бай6. сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.а) жұлын в) тоқ с) жанпейіс d) досжан е) аяғы7. жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз.а) бұлттар в) күнді с) білгіш d) қызыл е) сан8. түбірлес сөздерді табыңыз.а) азат, азамат в) оқулық, оқушы с) жол, жолдас d) көмектесу, еңбектенуe) қысқа, ұзақ9. жалпы есімді табыңыз.а) астана b) ған с) көкшетау d) дала е) қаш10. күрделі сын есімді белгілеңіз.а) дәмді в) жасыл с) сары ала d) үлкендеу е) әдепті11. есептік сан есімді көрсетіңіз.a) бесінші в) он бес c) бес-бестен d) алтау е) үштен бір12. «-ыл,-іл, -л» қай етіс түрінің жұрнағы екенін белгілеңіз.а) көсемше в) өзгелік с) ортақ d) ырықсыз е) өздік13. етістіктерше де, есімдерше де түрленетін етістіктің түрін көрсетіңіз.а) есімше в) өзгеше с) көсемше d) келер шақ е) ортақ етіс14. нақ осы шақты сөйлемді табыңыз.a) қыздар ағаштарды отырғызды. в) ол демалыс үйінде демалып жатыр.c) мен келген жоқпын. d) асан сабаққа дайындалмай келді.e) қонақтарға ән айтқызды,көңілдендірді.15. ашық райлы етістікті табыңыз.a) сен талғатқа айт, берік те киноға келсін. в) менің теледидар көргім келеді. с) оларертең өздері саяжайға барады. d) «көшпенділер» киносын көргім келеді. е) жақсы-ісімен жақсы.16. мезгіл үстеуін табыңыз.а) алыстан қонақтар келді. в) биыл көктем ерте келді. с) дархан дүкеннен тез келді.d) омар ауызша өтініш айтты. е) ол-өте тәртіпті .17. септеулік шылауды белгілеңіз.a) үшін,арқылы, туралы в) әлде, я болмаса,немесе c) ма, ме,ба,бе,па,пеd) себебі, өйткені, сондықтан е) бірде, біресе18. шақыру одағайын табыңыз.а) шіркін в) шөре-шөре с) ойпырмай d) әрине e) қап19. үрмелі аспапты табыңыз.а) домбыра в) қобыз с) асатаяқ d) сыбызғы е) сырнай20. мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрақтарын белгілеңіз.а) әйтсе де, қайткенмен в) қайтседе с) қашан, қашанға дейінd) неге, не дегенмен е) не еткенмен​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
djkls
19.06.2021 11:24

1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері

Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/

0,0(0 оценок)
Ответ:
mai31
25.05.2022 09:01

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота