Хасан Алпысбаев (6.11.1928, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 30.4.1978, Алматы) — ғалым, Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі.
1950 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. Алпысбаев өмірінің соңына дейін Қазақстан FA Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында қызмет атқарды. 1957—1960 жылы Қаратау палеолит отрядын, 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отрядын басқарды. Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірі тұрақтарын тауып, ғылыми айналымға енгізген. Отырар алқабындағы Жаңашілік, Маятас, Шілік, Тасқотан, т.б. көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеген. Оңтүстік Қазақстан өңірі ежелгі адамдар мәдениетін сипаттайтын ірі ошақтардың бірі болғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген
12 сәуір – ғарышкерлер Күні. Қазақтар үшін бұл ерекше мереке. Себебі бірінші ғарышкер Юрий Гагарин қазақ жерінен ұшты. Байқоңыр ғарыш алаңы кемелерінің орталығы болды. Қазақ жері өзінің мемлекеттік марапат және жоғары атақ иегері атанған, ғарыш батырларымен мақтан етеді. Олар: Талгат Мусабаев, 15 марапат және Халық қаһарманы атағын иеленген, Қазақстан ұшқыш ғарышкері, Токтар Аубакиров - Қазақстан Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, Айдын Аимбетов - қазақ ғарышкері, бірінші рет ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының азаматы, 545-ші әлем ғарышкері. Қазақстанның Халық қаһарманы, Қазақстан ӘАҚ полковнигі. Ғарышкерлер Күні – еліміздің керемет мерекесі. Себебі ғарыш стратегиялық маңызды зерттеу нысаны болып саналады», -деп жоғары сынып Кеңес мүшелері 8-10 сыныптарда өткізілген, 5-минуттіктерде әңгімеледі.
Объяснение: