Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салытырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.
Әңгімелеу мәтіні Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады.
Пайымдау мәтіні Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. 1) Пайымдау мәтіні «Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
3) Тірек сөздері - "өйткені", "себебі", "біріншіден ", "екіншіден,"--- деген сөздер
1. Өрмекшілер торына түскен жәндіктермен қоректенеді.
2. Өрістен сиырлардың келетін уақыты болғанын, атам айғайлай хабарлады.
3. Өткен күні отбасыммен тауға барып, демалып қайттық.
4. Өрттен кейінгі шығынды айтсаң, жүрегің ауырады.
5. Өшіргішімді үйге тастап кеткендіктен, құрбымнан алуға тура келді.
6. Өмірзақ бүгін сабаққа кешігіп келді.
7. Өсек айтуға болмайтынын түсіндіріп айттым.
8. Өрік ағаштары биыл керемет гүл салып тұр.
9. Өлеңнің сөздері өте қиын болғандықтан, жаттап алуға 2 күн кетті.
10. Өзеннің жағасындағы масалардан, қоғаны жағу арқылы қорғандық.
( қоғаның бықсып жанған иісінен масалар қашады)