мамандық
Объяснение:
мамандық әр адам таңдайтын маңызды сұрақ. Мамандық дегеніміз адамның өзіне ғана ұнайтын ісін істеу. Егер мамандығыңды яғни істеп жүрген ісіңді ұнатпасаң ол табыс бермиді және әр адам өз мамандығын өзі таңдауы керек деп ойлаймын. Себебі ата-аналардың немесе басқада бір адамдардың шешімі сенің өз өміріңе зиянын тигізбеуі керек. Өз өмірің өз қолыңда депте айта аламын себебі мамандық тіптен сенің өмірлік құштарлығың болып та, кете алады. Ойлап қарасақ мамандық адам өмірінде маңызы рөл атқарады. Бар өміріңді ұнамайтын мамандығыңмен істеу табыс және өзіңе де, қуаныш әкелмейді. Сол себептен бар адамдарды мамандық деген сұраққа ойлана отыра жауап бергенін қалаймын!
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!