Мен Махамбеттің ұрпағымын.
Қазақтың байтақ даласын,қонақжай халқын жаудан қорғаған батырлар аз болмаған.Сондай батырлардың бірі,әйгі ақын,жалынды жыршы,күйші – Махамбет Өтемісұлы.Ол мың сегіз жүз жиырма төрт – жиырма сегізінші жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында кеңесші болса,мың сегіз жүз жиырма тоғызыншы жылы Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға екі жылдай тұтқында болады.Ал мың сегіз жүз отыз бірінші жылы абақтыдан қашқанымен,артынан ақталып шығады.Мың сегіз жүз отыз алты - мың сегіз жүз отыз сегізінші жылдардағы И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі болады.Көтерілісшілер Бекетай құмында өздерінен күші әлдеқайда басым Гекке әскерімен соғысып, жеңіліс табады.Мың сегіз жүз отыз сегізінші жылы он екінші шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап, Махамбет Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады.Бірақ онысы жүзеге аспай,хан адамдарынан қашып жүруге тура келеді.Махамбет мың сегіз жүз қырық бесінші жылы тұтқиылдан қастандықпен өлтіріледі.
Махамбет Өтемісұлы өз шығармалары арқылы жасақтағы сарбаздардың рухын көтеріп, намысын қайрады. Ол "өзім" деп емес, "Елім!" деп күресті.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Объяснение: