blakblood2влад
19.05.2022 11:37

со вторым заданием

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы. Тұйық етістік.

Тұйық етістік — етістіктің ерекше түрі. Іс-әрекеттің атын білдіретіндіктен , зат есімдерше түрленеді: септеледі, тәуелденеді, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қыз-у, сөйле-с-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті, тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қашайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Тұйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

Үйге тапсырма:

1. Конспект жазу.Тұйық етістік туралы оқу.

2. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазыңдар.

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Chirtulova228
02.04.2023 17:34

Қызғалдақтар - менің сүйікті гүлдерім. Олар сары, қызыл, ақ, күлгін және түрлі -түсті болады. Қызғалдақтарда сопақша жапырақшалары бар, олар таңқаларлық бүршік жасайды. Кейбір жапырақшалар сопақша болады, бұл гүлді одан да ерекше етеді.

Қызғалдақтың сабағы жіңішке және жасыл. Оның гүлдің үлкен басын қалай ұстағанына таң қалуға болады. Қызғалдақтар әрқашан көктемнің келуімен байланысты. Наурыз келе салысымен әкем анама және маған керемет хош иіс пен бақыт атмосферасын сыйлайтын керемет гүл шоқтарын әкеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Глебюдон
02.04.2023 17:34

Біздің сыныпта 26 оқушы оқиды. Ең сүйкімді қыздар мен ең мықты ұлдарды осы сыныптан таба аласыздар. Барлық балалар өте мейірімді және ұйымшыл. Олар бір-бірін ренжітпей, тату-тәтті өмір сүруге тырысады. Егер үй тапсырмасы немесе басқа да мәселелер қиындық туғызса, сыныптастарым әрқашан көмекке келуге дайын. Достарымызды ренжітуге немесе мазақ етуге жол бермейміз. Барлық сыныптастарымды жақын дос ретінде қабылдаймын. Сабақтар аяқталған соң, далада серуендеуді және кинотеатрге баруды ұнатамыз. Кейбір кезде араларымызда түсінішпеушіліктер туындағанымен, аз уақыттан кейін қайта достасып кетеміз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота