БродилаПоЛесу
26.04.2022 14:55

ЭТО СОР

ОҚЫЛЫМ
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Бір қалада әйгілі ғалым өмір сүріпті. Оның шәкірттері өте көп болған
екен. Бір күні сол шәкірттердің біріне осы біздің ұстазымыздың жауап бере
алмайтын сұрағы бар ма екен?,- деген ой келеді. Ұстазын сынамақ болған
оймен гүлдеп тұрған шалғынды жерге келіп, гүлге қонып тұрған ең әдемі бір
көбелекті ұстап алады. Ол көбелекті екі қолының алақанына жасырып,
ұстазымнан менің қолымда қандай көбелек бар?- деп сұраймын. Егер
ұстазым сенің қолыңдағы көбелек өлі дейтін болса, мен сол мезетте көбелекті
жібере саламын. Сол кезде ұстазым қателескеніне көзі жетеді. Ал егер сенің
қолыңдағы көбелек тірі дейтін болса, екі алақанымды қысып, ол көбелекті
өлтіремін де, сіз қателестіңіз деп айтамын дейді шәкірт. Сонымен шәкірт
ұстазының алдына келіп, менің қолымда қандай көбелек бар деп сұрайды,
сол кезде ұстазы ... ... ... .
1-тапсырма. Сұрақтардың көмегімен оқиғаның дамуын өз сөзіңмен
болжаңыз.
№ Сұрақ Жауап
1 Шәкірт не себепті ұстазын сынамақ болды деп
ойлайсыз?
2 Оқиғаны дамытып, ойды жалғастырыңыз
3 Ұстаз шәкіртіне қандай жауап қайтаруы
мүмкін?
4 Мәтінге қандай атау берер едіңіз?
Жазылым

3-тапсырма. «Қазақстанның табиғаты көркем жерлері» тақырыбында
эссе жазыңыз. Эсседе етістіктің шақтары мен қалау райлы етістіктерді
қолданыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Lubov080301
14.02.2023 08:47
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
manshev2018
14.02.2023 08:47
Сыпайылық – адам бойындағы құнды қасиеттердің бірі. Сыпайы болу, әйел затына да, ер адамға да тән. Әсіресе бұл қасиет, қыз баласының бойынан табылу қажет. Сонау ата-баба заманынан, біздер үшін, яғни, қазақ халқы үшін тәрбиенің маңызы зор екені бәріне белгілі. Ал тәрбиелікке не жатады?! Оған: үлкенге құрмет, кішіге ізет, қарапайымдылық сынды қасиеттер жатады, ал айтылған қасиеттердің барлығы сыпайылықтан бастау алмайды ма?! Демек, сыпайылық – тәрбиенің белгісі...      Қазақ қашанда қызын төрге шығарып, гүлге теңеп өсірген. Оған берілетін тәрбие де бөлектеу болған. Ұл баланы былай қойғанда, қыз баланың бойында сыпайылық міндетті түрде болу керек. Өткені, қыз бала – ол болашақ жар, бір үйдің түтінің түтіндетіп отыратын келін, аяулы ана. Сыпайылық таныта білетін қыздың бойында, басқа да жақсы қасиеттердің болатыны сөзсіз де түсінікті. Мұндай қыз – ата-анасының абыройы, қуанышы мен мақтанышы.      Қазіргі кезде, қазақ қазақ болып қалғанымен, қазақилық жойылып бара жатыр... Қазақ қызының бойынан сыпайылық тұрмақ, тәрбиеліктің мүлдем жоқтығын көреміз. Кітап оқу, тұрмыста қажет істермен айналысу орнына, дөрекі сөздермен сөйлеу, дауысы жер жарарлықтай күлу, таңға дейін түңгі клубтарды паналау, нәзік қыз қолына темекі ұстап, алкогольдік заттарды ішуді дұрыс көреді. Қыздың бәрі бірдей емес, ең қуантарлығы да осы – қазақтың тәрбие көрген, үлкенді сыйлайтын, сыпайылық таныта білетін қыздарының әліде қоғамымызда бар болуында.     Сыпайылық ол деген – қарапайымдылық. Ал қарапайым болу ешбір адамды ұятқа қалдырған емес. Шенінің жоғарлығына, қоғамдағы орынының зиялылығына, алған тәрбиесіне, ұлт санатына, жас мөлшеріне қарамастан, барлық жағдайда қарапайым бола білу – бұл адамгершіліктің белгісі, сыпайылық пен тәрбиеліктің белгісі.

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/9426/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота