Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.
Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.
Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.
Адам достықты іздей бермей, өзі де дос бола білуі қажет. «Жолдасын тастаған жолда қалады» дейді. Немесе «күлме досыңа, келер басыңа» деп қысқа қайырсақ та болады. Досқа күлгенің – оның арына тигенің, оған сатқындық жасағаның. Досыңды сатқан күн әйтеу бір уақытта айналып өз басыңа келеді. «Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа» дейді халқымыз.
Бұл өмірде туған-туыспен, дос-жаранмен тату-тәтті, ұйымшыл, бір болғаннан артық қандай бақыт бар? Әрдайым туған-туысыңа да, достарыңа да қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсең, өзің де елдің алдында абыройлы, беделді боласың. Сөйтіп досың да көбейеді. Досқа деген пейілің жақсы, көңілің күмбез болса, досыңа дос қосылары хақ.
Қосымша ақпарат:
Cебебі бұл төртеуі жасы жылға толмай-ақ адам керегіне жарап, қажетін өтейді.
Сондықтан қапелімде мерт болған немесе ауылда өлген бүркіттің иесіне: "Ат өледі, құс қашады, екі қанат бір құйрық табылар, ажалы жетсе бәрі өледі" деп, сабырлыққа шақырып, көңіл айтады.Бүркіт аң ала алмай, ауырып мазасызданғанда "көз тиген" деп ырымдайды. Ондайда бүркітті "қырсық шалды" деп, жанып тұрған оттың үстіне тұз шашып, бытырлаған дауыс ырғағымен оңнан солға қарай айналдырып, емдеген.
Қазақ құсбегілері бүркіттің пірін Әулие Жалайыр Шора Ата деп біледі. Аңызға сенсек, Жалайыр Шора құс атаулының "тілін" білген, қырандардың мекені мен шабытты өрісін, қонағы мен ұясын, неге шабатынын, нені алатынын білген екен.
Құс атаулының: "Ұша берсем қанатым талады, Жерге түссем Жалайыр Шора алады", – деп, зар қаққаны туралы ел аузында аңыз бар.
Ондайда ауқаттылар жағы ақсарбас атаса, қарт құсбегілер өздерінің ескі құс жабдықтарын көрімдік ретінде сыйға тартады.
Қазақ халқы үйге қыран құс келгенде Қызыр Бабаның ерекше сыйлығы деп, сонымен бірге үйге бақ-береке келді деп шын жүректен қуанып, жақсылыққа жорыған.