Менің білуімше біздің сыныпта ақылды оқушылар көп. Бірақ кейбірі ақылды екенін білмейді, себебі жалқау. Жалқау болғандықтан сабақты да дұрыс оқымауы мүмкін. Сыныпта тентек оқушы жоқ. Алайда мінезі аздап қиын оқушылар бар. Біздің сыныптың оқушылары бір-біріне сыпайы сөйлейді. Кейде апай сыныптан шығып кеткенде шулайтынын да айта кету керек.