дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. әр дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. достық ң ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. ол артқан сайын, достық та қатая түседі. ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «достық» туралы нақты ой айтқан философ а.шопенгауэр өзінің «өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «нағыз шынайы достық ң бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. осының бәрі ң табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Объяснение:
Ас- адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол адам ыстыққа да, суыққа да шыдамды.
Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты күнде бір мезгілде ішу керек. Күніне төрт рет тамақтанса, тіпті жақсы.
Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен.