Матемитик111111111
07.01.2023 16:31

Сөздік қурастыру
Мәтін (текст; text) – 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.
Мәтін – бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән – мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В.Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1) мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2) мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін – қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
hellday
29.06.2021 14:27

Өмірбаяны

Балалық шағы және білім алуы

Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан.

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов.

Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.

1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
VitaLevchenko2004
30.05.2022 15:07

Объяснение:

Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.

Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін. Туған жеріме өлең жолдарын арнаймын.

Туған жерім асқан көркем, сұлу ғой,

Байлығымның баға жетпес құны ғой.

Туған жерім жүрегімнің үні ғой,

Көңілімнің жыры ғой.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота