tutinae
27.02.2022 21:49

Күрделі сөзді табыңыз.А) Аңшылық кәсіп В) Қара етік С) Майор шені Д) «Жас қанат» байқауы Е) Созылмалы сырқат
2.Қосымша арқылы жасалған дара сөзді табыңыз.А) Жезқазған В) Айбындылықтан С) Қаптесер Д) Тәртіп Е) Орынсатпақ
3. Жалаң сөйлемді анықтаңыз. А) Балет-театр өнерінің бір түрі. В) Мен де жазып көрейінші.С) Бұл-менің хатым.Д) Неге күн күркірейді? Е) «Күздеу» дегеніміз-күзгі қоныс.
4.Мекен пысықтауышты көрсетіңіз. А) Бір қырдың ар жағынан көрінді.В) Қазір екеуі бір-біріне күле қарап,жайдары жүзбен келеді.С) Бұл адам әбден шаршап оралды.Д) Аздан соң Мақсұтты қайта көрсетті.Е) Әуелі надандықпен туладық,ол қылығымыздың қате екенін енді түсіндік.
5.Негізгі еліктеу сөзді көрсетіңіз. А) Селтең В)Қорсаң С) Бұлтыл Д) Қиқ Е) Жымпың
6.Баяндауыш қызметіндегі үстеуді көрсетіңіз.А) Тірлік етіп жүр едім баяғыда В) Хангелді денесін баяу қозғады С) Денесіне жабыстыра ықшам киім киген.Д) Мерейтой болатын күн-бүгін еді.Е) Түйе енді ақырын жүре бастады.
7.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.А) Ұлпан жүзінде өкініш те ,күйініш те жоқ еді,сондықтан жұрт соған таң қалады В) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.С) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.Д) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.Е) Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты.
8.Көсемшені табыңыз.А) Жазда келмейтін болдым. В) Оқыған озар,оқымаған озар .С) Келгенін ел көрді Д) Әрнені бір сұрайды.Е) Оқымайын десем,емтихан жақын.
9.Күрделі баяндауышты табыңыз. А) Аян анасымен сыртта отыр В) мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. С) Таудан өскен таңғы жел ызғарлы.Д) Әр мұғалім өз оқушысының өнерлі ісін мақтан етеді. Е) Әжем ауылда жалғыз өзі тұрады.
10.Етіс түрлерін анықтаңыз. Астыр,түсірт,ашылды. А) Өздік,өзгелік,өздік В) Ырықсыз,өздік,ортақ С)Өздік,өзгелік,ырықсыз Д)Ырықсыз,өзгелік, ортақ Е)Өзгелік,өзгелік,ырықсыз
11. «Ырым» сөзінің мағынасы А) Көне дәстүр В) Себеп С) Жақсылық Д) Көрініс Е) Ақыл
12.Сұраулы сөйлемді табыңыз А) Ол үнемі кеш келетін В) Оны тани алмадым С) Менімен бірге жүрсің Д) Әкем жұмыстан ерте келген бе Е) Оны қайда қойғаным белгісіз
13.Бөлшектік сан есімді ажыратыңыз. А) Үш-үштен В) Он бірімен С) Алпысыншы Д) Елуге жуық Е) Үштен екі
14.Демеулік шылауды көрсетіңіз. А)Олар тұрмақ,бізді әрең кіргізді. В) Білім мен тәрбие- егіз ұғым.С) Анаммен бірге бөгде кісі кірді. Д) Қарайған қамысқа қарай зыта жөнелді.Е) Содан бері жортып жүрмін.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
лоро12
20.11.2020 17:17

Жоқ, өлмеймін!

 

Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда! 

 

 

Второй:

 

Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.

Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.

Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.

Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.

Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған. 

 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Айшат77270
09.04.2020 08:07

Менің ойымша, бақыт деген былай:

Адам армандап, мақсат қойып, жоспар әзірлеп, сол жоспар жолында дисциплиналы түрде өзін қадағалап нәтиже шығара білуі! Сол жолда ол түрлі кедергіге, қызықтар мен қиыншылыққа тап болады, соны бастапқы арманы үшін бұзып өтеді. Халқымызда сөз бар: "армансыз адам, қанатсыз құспен тең!". Адамдар нақты арман, мақсаты, қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті рухани кризиске, жаманшылыққа, депрессияға ұшырайды. Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады, әрекет тек өлместің күнін кешумен ғана шектеліп, алтын уақыты босқа кетіп, мына өмірдің қызығының дәмінен аз ғана татып көру ықтималдығы жоғары болатын сияқты. Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп, нәтижені бағындыру, кейін оны еске алуы бір рақат сияқты. Ол арман жалғыз болғанмен, арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін, мысалы: отбасын құру, оны асырау, бала-шағасына бір белесті бағындырып беру (тәрбие беру, денсаулығын қадағалау, қыдыртып-ойнату, оқу оқыту, секцияға жазып нәтиже шығарту, қадағалау), сол жолында комфорт жасау: сезондық киімдер, үй, көлік, бизнес жасау. Халқына пайда әкелер іспен, бизнеспен, ғылыммен де айналысу. Бұл жағдайда адам өзі де, өзгені де бақытты етеді және бұны әркім жасай алады, бұл жерде ешкім ешкімге міндетті емес, тек жақсылық жолындағы әрекеттер және оның қайтарымы міндетті түрде болады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота