Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады
Мәңгілік ел – мұратым" қазақ халқының өткен тарихынан бастау алып.Ежелден тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақтар не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа көшіп кету, тілімізден айырдық. Бірақ осы қиындықтардың бірде-біріне мойымастан осы күнге де жетіп отырмыз. Тәуба, міне осының өзі – мәңгілік ел-мұраты.Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құрып,біртұтас ел бірлігін сақтауынан қазақ халқының , мәңгілік ел -мұратының осыдан бастау алатынына көзіміз жетті.Қазақ халқына қолдан жасалған ашаршылықтың кесірінен қазақ халқының тарыдай шашылып,қойдай қырылғанын біз тарих беттерінен куасі болғамыз.Өзге мемлекеттергі ауып көшіп кеткенін білеміз.75 жыл Кеңес өкіметінің құрамында болып,ұлтымыздың салт-дәстүрін,өздігімізді ұмытып жібердік.Ұлттық мерекеміз Наурыз мерекесі ,айт мереклерінің тойлануына тиым салынғанын анамнан естіп күрсінгенім .Сол кездегі жоғарғы жұмыста істейтін ағаларымыз әкесі дүниеден өтсе жаназаға бармау бұл адамилық қасиетке керағар жағдайларды естіп ойланасың.Сонда да біз мойымадық.Наурыз мерекесін біз 1988 жылға дейін тойлаудан қалдық.Тарихтан ата-бабаларымыз білектің күшімен,ақын-жазушыларымыз қаламның ұшымен күрескенін білеміз.
Объяснение:
крч осы