--Сенің ойыңша уақыт деген не? --Уақыт деген ,ол дүниедегі ең қымбат зат. Уақыт қайта оралып келмейді.Уақытты дұрыс пайдалану керек. --Уақытты дұрыс пайдалану үшін не істеу керек ? --Уақытты дұрыс пайдалану үшін әрбір істі ақылмен уақытында істеу керек.Уақытты дұрыс пайдаланған адам үлкен жетістіктерге жетеді. --Уақытты дұрыс пайдаланбасаң не болады? --Уақытты дұрыс пайдаланбасаң үлкен жетістіктерге жете алмайсын. --Ал сен уақытты дұрыс пайдаланасын ба ? --Мен уақытымды босқа өткізбеймін. Мен көп кітап оқимын, спортпен айналысамын, мектептегі үйірмелерге қатысамын. --Сенің мектебіңде үйірмелер бар ма ? --Біздің мектепте көп үйірмелер бар. --Ендеше мен де үйірмелерге қатысып, кітап оқып үақытымды босқа өткізбеуге тырысамын. -- --
Астана - бас қала Мен үшін біздің елордамыз - әлемдегі әсем де көркемдікке толы жас қала. Тарихи деректерге сүйенсек 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары. Астананың көрікті жерлерімен барлық халқымыз таныс деуге де болады, ол бәрімізге танымал - "Астана-Бәйтерек" манументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Сулы-жасыл жолжелек, Ақ Орда, ҚР бірінші Президентінің мұражайы, «Думан» ойын-сауық кешені, "Хан шатыр", "Мега", "Сарыарқа" және т.б. сауда-ойын-сауық орталықтары. Бұл аз да болса ел жетістігі, алда Астананы әлі де үлкен белестер күтуде. Солардың бірі - EXPO 2017
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку