dashabar1208
16.12.2020 14:54

«Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалардың бірі - Конгресс кітапханасы туралы мәлімет беріледі.
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттар Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Алайда кітапхана осы кезге дейін әртүрлі кезеңдерді бастан кешірді. Кітапхана бірнеше кезеңдерді бастан кешіруі арқылы кітаптардың зардап шегуі, тозуы, ақпараттардың жарамсыз болып қалуы сияқты мәселелерге тап болды.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
неумно
24.01.2022 00:16

"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.

- Сәлем, Әсем!

- Сәлем, Болат! Қалайсың?

- Жақсымын, сен ше?

- Менде де бәрі жақсы, достым. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?

- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.

- Неге?

- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Білесің бе, Әсем, әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.

- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.

- Жарайды, кездескенше!

Қаратпа сөздер: Әсем, Болат, достым.

0,0(0 оценок)
Ответ:
jak15
07.05.2022 10:44

«Абайды оқы, таңырқа...» - 1993 ж. «Ана тілі» ба жарық көрген жинақ. Ұлы ақынның туғанына 150 ж. толуы қарсаңында шығарылған. Құрастырған, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған - Мекемтас Мырзахметов.

Жинаққа Ә. Бөкейханов, Дж. Кеннан, Зейнелғабиден ибн Әмре, К. Ысқақұлы, А. Белослюдов, А. Байтұрсынов, Н. Рамазанов, М. Дулатов, Н. Төреқұлов, Т. Шоканов, Б. Күлеев, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ы. Жансүгіров, Ғ. Сағди сияқты зерттеушілер мен ақын-жазушылардың Абай шығармалары туралы әр кезде жазған мақалалары енгізілген. М. Жұмабаевтың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңі берілген. Оқырман қауым жинақтың алғашқы және соңғы беттеріне қосымша ретінде ұсынылған ақынның Арғыннан басталатын ата тегінің тізбегімен таныса алады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота