Картоон
04.04.2023 03:56

Мәтінді түсініп оқыңдар. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар.

Асқар Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітірген. Кейін Мәскеудегі М. В. Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Қазақ мектебін бітірген балаға орыс тілі сынағынан өту қиын болады. Орыс тілінен жақсы баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның ерекше қабілетін байқап, емтиханнан өткізеді.

Асқар талмай ізденіп жүріп, үшінші курста ғылыми жұмыс жазады. Бұл еңбегі үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. Мәскеу Мемлекеттік университетін үздік аяқтап, кейін аспирантурасын бітіреді. Отыз екі жасында В. А. Стеклов атындағы Математика институтында докторлық диссертациясын қорғайды. Ғалым – 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

Асқар Жұмаділдаев - қазақ елінен шетел университеттеріне дәріс оқуға, ғылыми еңбектер жасауға алғаш шақырылған ғалымдардың бірі. Ол 1995 жылдан бастап он жылдай шетелде қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Бильфельд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды.

Ғалым математика ғылымының дамуына зор үлес қосты. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасы мен деформацияларын, олардың қолданылуын зерттеді. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеді. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін шешті.

Отандық ғылымға қосқан орасан еңбегінің арқасында ғалымға 1981 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1990 жылы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, 1995 жылы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 2004 жылы ҚР ҰҒА академигі атақтарына ие болды Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтін кім туралы?
2. Ол кандай мектепте оқыды?
3. Асқар Жұмаділдаевке оқуға түсу неліктен қиын болды?
4. Асқар Жұмаділдаев шетел университеттеріне не үшін шақырылды?
5. А Шетелдік қандай қалаларда профессор болды?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nastiarabadj
22.04.2022 02:28

Сәлем,досым! Қалың қалай?Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

көздің көру қабілетін төмендетеді;

омыртқалардың қисаюына әкеледі;

Жүйке жүйесіне салмақ түсіреді;

Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AnyMaskelyne
16.07.2021 18:55

●Неліктен жасөспірімдер қылмысқа барады?!

Негізі қазіргі кезде қылмыспен жасөспірімдер айналысып кетіп жатады.Себебі,кедей адамдар мен неге бай адамдар секілді өмір сүрмеймін деп шүкіршілік етпей байлардың үйін тонауға кіріседі.Бірақ байлардың кейбіреулері де істейтін шаруа қалмай көптеген қазақтың қыздарының өмірін құртып жатады.Сонда қатты кедейдердің де,өте байлардың да зияны бар екен.Барлығы ондай емес.Қанша жерден кедей болса да,шүкірміз дейтіндерге риза боламын.Қазір қорқатын заман.Шіркін,бұрыңғы кездерде қандай еді?!Ешнәрседен қорықпайсың,зорлық-зомбылық жоғынан,ұрлықта аз болғасын қылмыскерлер көбейе бермейтін еді.Қазір тіпті үйде есікті кілтемей отыру қорқынышты.Бейтаныс адамдар қац уақытта келіп қалары белгісіз.Бұл уақытша деген ойдамын...Тіпті мынау карантин деген шығып,көптеген жасөспірімдер сабақты түсінуден қалды.Қазір осылай болса да,ұрпақтарымыздың бақытты өмір сүргенін қалаймын.Яғни бұл сынақтардың барлығы тез арада бітуін тілеймін!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота