AntonTeplyakov
13.05.2020 02:20

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
klikedfrite
28.07.2021 05:51

Күй адамды тебететін құдыретті күйлердің бірі .Көптеген адамдар күйшілер болады.Қазақ ұлттық дәстүрі күйлерге бай.Біз күйлерді тартып ұрпақтарымызға оны жеткізуіміз керек.Өйткені күй адамды емдеп шипасын да бере алады.Күй атасы Құрманғазы.мен Жамбыл жабайев сияқты бабаларымызбен мақтанымын.Күйдің сиқырымен тағы боз балалар да ойнатын айтыс.Айтыс күйден құралады.Терме,қазақ ұлттық дәстүрлі әндері домбыраның арқасында құралып келеді.Домбыра қазақ халқының ұлттық,танымал аспабы.Домбыраға аранап түрлі аңыздар да бар

0,0(0 оценок)
Ответ:
Angela11001
12.08.2020 20:48

ответ: Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын, неге екенін білесіз бе?

Себебі, өмірде адамдар өте көп жəне əр адамның мінездері мен қылықтары əртүрлі, сондықтан өзіңді түсінетін, саған əрдайым көмекке келетін досты табу өте өте қиын. Жақсы достар əрдайым өздеріне дос іздейді. Ал жаман адамдар болса жақсыларды жамандаумен болады. Шынайы жəне адал достар бұл өмірде көп емес. Брақ өзіне шынайы, адал жəне өзіне шын серік бола алатын досты іздеген адам əр жағдайда тауады.

Менде достар өте көп, жəне мен олармен уақыт өткізгенді жақсы көремін. Біз түрлі ойындар ойнаймыз. Көңіл көтереміз. Бірақ ең бастысы біз біргеміз жəне біз бір-бірімізді қиындықта қалдырып кетпейміз. Қуаныштада қиындықта біргеміз. Менің ең жақын досым (өзіңнің досыңды жазсаң болады). Мен онымен бірге уақыт өткізгенді жақсы көремін. Біз екі егіздер секілді өте ұқсаспыз. Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын, бірақ мен өзімнің достарымды тауа алдым, ал сіздер ше?

Объяснение: Точно 150 емес (санаған жоқпын)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота