Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Қазақ фольклорының елеулі бір арнасы – эпос. Оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ мәдениетінен алатын орны ерекше. Әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі. Қазақ эпосы негізінен екі түрлі поэзиялық өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. Қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған эпикалық дәстүр – алғашқы, лирикалықәндер – соңғы құбылыс. Бірақ, дәстүртұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген. Сыр бойы, Атырау алқабында – эпос, Жетісуда – терме, Орталық Қазақстанда кең тынысты лирикалық әндер басым дамыған.
егер көмектессе лучший ответ қылшы п ж
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку