Аяз би - қазақ ертегісі.
Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).Әуезов Үйі, ғылыми-мәдени орталығы — ұлы Жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығарм. мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылым-мәдени мекеме. Алматы қаласында Жазушының өзі тұрған (1951 — 1961) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді мұражайға айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 жылы 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары жүйеге келтіріліп, тақырыптық көрмелер жасалып, 1963 жылы 28 қарашада мұражай ресми түрде ашылды. Қазақстан үкіметінің “М.О. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы мерейтойына дайындық және оны өткізу туралы” 1993 жылы 19 шілдедегі (ғ 810) қаулысына сәйкес, 1996 жылы 1 маусым күні мұражай “Әуезов үйі” ғылыми-мәдени орталығы болып қайта құрылды