Ең жақсы мамандық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің ойымша, дәрігер – ең жақсы мамандық. Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Дұрыс жалғауын таңдап қойыңыз:
Менің жолдас…(- ым; - ім; - ің; - ың; - ы; - і, - ымыз, - іміз, - тарың, - тарыңыз), сенің құрдас…(- ым;- ың,- ің, - ың; - ы; - і, - ымыз, - іміз, - тарың, - тарыңыз), оның дос…(- сы;- і;- ы, - ың; - і, - ымыз, - іміз, - тарың, - тарыңыз), біздің туысқан…(- мыз; - міз; - ымыз, - іміз, - дарың, - дарыңыз), сендердің көрші…(- ңіз,- лерің;- леріңіз, - ім; - ің; - ың; - ы; - і, - ымыз, - іміз), олардың аға…(- сі;- сы;- ңыз, - м, - ң, - ымыз, - іміз, - ларыңыз), сіздің әке…(- сы;- сі; - ың, - ің, - ңіз, - ңыз, - м, - ң, - ымыз, - іміз, - ларыңыз), менің тоб…(- ы; - і; - ым, - ім; - ің; - ың; - ымыз, - іміз, - тарың, - тарыңыз), сенің тарақ… (- ым; - ың, - і, - ы; - ың, - ің, - ыңыз, - іңіз), сендердің көңіл…(- ым; - ім; - міз, - мыз, дерің, - дарың, - і, - ы, ), сіздердің кітап…(- тарың; - тарыңыз; - ың, - ің, - ы, - і), менің бауыр(- ым; - ім, - ы; - і, - ың, - ымыз, - іміз), Сәуленің ағаш… (- ым, - ім; - ы; - і, -- сы, - сі), Сергейдің болашақ…(- і; - сі, - сы; - ы, ім, - ым, ың, - ің, ымыз, - іңіз), біздің доп…(- мыз; - міз, - ің, - ың, - і, - ы, - іміз; - ымыз, - тарыңыз, - тарың), менің ұл…(- сы; - сі, ың, - ің, - ымыз, - іңіз, - дарыңыз, - дарың, - ім; - ым), оның қыз…(- сы; - сі, - міз, - мыз; - і, - ы;), сенің бала…(- м; сы, - ың; - ң, - мыз, - міз, - ңыз,
Сөйлемдерді дұрыс аударыңыздар:
Мой отец работает на заводе. Моя жена – стоматолог. Ее супруг – адвокат. Их сын – рабочий. Его дочь – начальник управления (басқарма). Мать Жени – госслужащая. В нашем предприятии 20 работников (қызметкер). Приходил ваш брат. Их сестра нам Младший брат Сауле учится в пятом классе.
Келесі сөздерге көптік жалғауды қосыңдар.
Пышақ, балық, тамақ, дәрігер, оқушы, қонақ, құс, мал, аудан, қала, ел, дастан, адам, су, калам, мәтін, мақал, қарға, өзен, өлең, той, күн, көл, дәптер, сен, септік, кесте, тақта.
Тиісті жалғауларды қойыңдар.
Менің әке жақсы адам. Оның бес немере бар. Олардың екеу қыз. Бізді ата – оқытушы. Сенің ата қандай адам? Сіздің әке кім?
Нүктенің орнына тиісті жіктік есімдіктерді қойыңдар.
1 ағасы аулада отыр. 2 әкең дәрігер ме? 3 тәрелкеңіз қайда? 4 кесеміз нешеу? 5 ақшасын жіберіңіз. 6 қасығыңды берші.
Ілік септіктің жалғауларын қойыңдар.
Дәптер... беті, үй... терезесі, Анар... әкесі, Абылай... бөлмесі, қыз... суреті, Абзал... кілемі, Абай... өлеңі, Виктор... көршісі, Ораз... дәптері, Жанар... оқулығы, Әсел... жолдасы, Ажар... әжесі, Евгений... қарындашы, Валерий... керуеті, ауыл... адамы, Орал... жатақханасы, Айгұл... мінезі, Жаңыл... баласы, қыз... шашы, базар... бағасы, үстел аяғы.
Ілік септіктің жалғауын қойыңдар.
Орындық аяғы. Мұрат сабағы, кітап авторы, Жаннат әкесі, оқулық беті, Зейнеш апасы, Қарлығаш жұмысы, Канат мұғалімі, сынып есігі, мекткп сыныптары, Шымкент көшелері, институи аты, Азат жолдасы, жүрек оты, Айдос сөзі, Берік кеңесі, Болат досы, дәптер беті, Анар шашы, ауыл адамы, Айгүл мінезі, базар бағасы, Жанар оқулығы, Абай өлеңі.
Қос сөздердің дұрыс – қатесін ажыратып жазыңыздар.
Ата – ана, ауыл – жануар, көрші – қолаң, оқу – білім, бау – бағбан, күндіз – түні, орысша – қазақша, аман – есен, хал – саулық, салт – дәстүр.
Дұрысы - Ата - ана
Қатесі - Ауыл – жануар
Тест сұрақтарына жауап беріңіздер.
1. Қос сөзді табыңыздар. а) Екібастұз ә) аспан б) жол – жөнекей
2. Ол үйге барар білмейді.
а) бармасын ә) жерін б) жолды
3. әр елдің өз әдет бар.
а) салты ә) ғұрпы б) жолы
4. Дұрыс сөйлемді табыңыздар.
а) Ол атасын – анасын құрметтейді. ә) Ол атасын – ана құрметтейді. б) Ол ата – анасын құрметтейді.
5. Дұрысын табыңыздар. а) достар – жараңдар ә) дос – жараңдар б) достар – жараң