Nikita20330
12.01.2023 14:57

Фонетический разбор слова ардақты​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
oksana1111156970
28.09.2020 18:28

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, тіл үйрену ешуақытта артықтық етпейді. Қазақ атамның осы сөзінің жаны бар секілді. Дәл қазір 6 сынып оқушысы болсам да, болашақта көп тілді меңгергім келеді. Көп адамнан «Сізге бірнеше тіл білу қажет пе?» деп сұрасаңыз, «жоқ» деп жалтарады. Қазіргі таңда шет тілін меңгермесеңіз де, қазақ тілді ресурстардың жеткілікті екенін айтады. Өкінішке орай, мұндай адамдар біз өмір сүріп отырған қоғамда бар. Меніңше, тілдің пайдасы туралы оны білмейтін емес, білетін адамнан сұрауымыз керек. Себебі қуырдақтың нағыз тіл үйірер дәмін оны татып көрген адам ғана бағалай алады.

"Көп тіл білген көпті ілер" деп мен ағылшын тілін белгілі бір дәрежеде білемін. Шетелдік азаматтармен еркін тілдесіп, түсінісуге қауқарым жетеді. Дәл қазір екінші тілді меңгеріп жатырмын. Француз тілінде - махаббат, неміс тілінде - қызмет, италия тілінде - құштарлық, ағылшын тілінде - бизнес, орыс тілінде кез келген тақырыпта әңгіме айта аламыз. Мен бұл тұста нақты айтсам да, шынайы мағынасын өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Кітап бір тілден екінші тілге аударылған кезде, көп өзгеріске ұшырайды.Соның салдарынан көп адам оның құнарын байқамайды.

Өзге тілді меңгеру арқылы сіз басқа әлемге енесіз. Оған басқаша көзқараспен қарайсыз. Әлемді басқа қырынан танудың қандай пайдасы бар? Біз өзгелердің мәдениетіндегі дүниені өзімізге сіңістіре аламыз емес пе?Көп тіл білу – өмір талабы деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Pomashка03
13.11.2021 05:44

Менің арманым

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота