райымбек42
04.11.2022 09:49

Роботтардың пайдасы мен зияны
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады. Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай түседі. Робот жасаушылардың табысы тез көбеймек. Ал дене еңбегінің аз болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына әсер, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.
Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен.

4. «ПОПС» ФОРМУЛАСЫ
Менің ойымша,
Оны былай түсіндіремін:
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін:
Ойымды былай қорытындылаймын: ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
otlichnik41
15.03.2020 15:52

Мамам, мамам, ақ мамам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын

Жұмсағанда барамын.

Ребёнок постарше может выучить стихотворение Фаризы Онгарсыновой.

Ақ мамам

Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым, күнім! » - дейтін.

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе, мен де

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ мамамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып.

Ещё есть хорошее стихотворение Магжана Жумабаева "Моей Матери"

Анама

Өмірімнің қап-қараңғы түнінде,

Еш не білмес түсім бе я өңім бе

Оң менен сол, от пенен су айырмас,

Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде, -

Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам,

Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам! »

Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей,

Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.

0,0(0 оценок)
Ответ:
20MIR01
15.03.2020 15:52

Анашым! (авторы Мұқағали Мақатаев)

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!

Қайда жүрсем сен - күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіндей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!

Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар. Қ

апа болма мен үшін, неғыласың...


Жан анама (Берикболова Бекзат)


Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.


Айымсың ғой жарық қылар түнімді,

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді.


Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!

Аллам сенен жамандықты қашырсын.

Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа

Жастарыңды жүзден дағы асырсын!


Тілегімнің бастауы да бір өзің,

Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.

Сен жанымда болған кезде әр сәтім

Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.


Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзiңдi періштеге балағам.

Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.


Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең - маған сол гой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота