Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?
Бұл көне мереке Наурыздың тарихына көз салсақ, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді.
Бұл көне мереке Наурыздың тарихына көз салсақ, әлем халықтарының басым бөлігі аталмыш мейрамды әлі күнге дейін тойлап келеді. Бұл мейрам көбінесе Наурыз, Невруз, Навруз, Новруз Байрам деп атаса, ал тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, чуваштар “норис ояхе”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи” деп түрліше атайды.
Наурыз сөзі “Жаңа күн” деген мағына береді. Мейрам кезінде тазалыққа мән беріліп, мерекелік “Наурыз көже” дайындалады. Көже – еліміздің әр өңірінде әр түрлі жеті түрлі дәмнен жасалатынын да байқауға болады. Наурыз мейрамында бір-біріне қонақ болып, тойлап арқа-жарқа болып жатады. Ал, енді әлем елдерінде Наурыз қалай тойланады? Қысқаша тоқталып өтейік...
Әзірбайжан
Әзірбайжанда Наурыз мейрамы – күн мен түннің теңескен күні ретінде аталып өтеді. Ел тұрғындары бұл мейрамды қатты ұнатады. Мереке күні ас дайындайды, адамдар бір-біріне бақыт пен молшылық тілейді. Дәстүр бойынша «тонгал» деп аталатын от жағып, одан жеті рет секіретін болған. Мерекелік дастарханны басты тағамы шекербура дайындалады. Ол - Ай пішіндес қамырдан жасалған тәтті тағам. Ал, өсіп тұрған жасыл бидай сабақтары “Күн символын” білдіреді. Бидай қуырылып, жұмыртқалар қызылға боялады. Әзірбайжан халқында Наурыз күні жаңбыр жауса, “келер жыл өте жақсы, берекетті” болады деген сенім қалыптасқан.
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.