Novaya22
22.06.2020 20:51

Бейбітшілік және келісім сарайы – сәулет өнерінің бірегей туындысы. Пирамидаға ұқсас тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Бейбітшілік және келісім сарайы Қазақстан жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі. Елордада пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса деген идеяны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылы Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І-ші съезінде ұсынған болатын. Мемлекет басшысының идеясы съезге әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған түрлі конфессиялардың көшбасшыларының үлкен қолдауын тапты. Әлемнің ең жас елордасы Астана қаласында 2006 жылы қайта қауышқан съезд делегаттары екінші бас қосуын жаңа, бірегей ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайында өткізді.
Пирамиданың керегесі берік, салмақ түскенде майыспайтын, жуан металл трубаларымен керілген. Олар биіктей келе тот баспайтын бұрандалармен бекітілген де, алдын ала ойластырылған жоба бойынша кескінді өрнектер құралған.
Сарайдың ішкі жоспарлау мәнері де өзгеше. Ғимарат төменнен жоғарыға қарай бес қабатқа бөлінген. Бесінші қабатта пирамиданың биігінде 200 орынды көркем зал көз тартады. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің форумдары осы жерде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан. Сарай ғимаратының құрылысы құбылмалы ауа райын ескере отырып салынған. Оның кіре берісі жер астында орналасқан.
Сарай демалыс күндерінсіз жұмыс істейді. Экскурсиялар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
1-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Мәтіннің аудиториясы, кімдерге арналған? Мәтіннің тақырыбы Көркемдегіш құралдарды табыңыз (метафора, эпитет, нақыл сөздер...) Көркемдегіш құралдардың рөлін талдаңыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
дара23
05.12.2020 17:54

Отбасындағы сыйластық.

Дәстүрлі қазақ қоғамында сыйластықтың маңызы зор.

Сыйластық дегеніміз – басқа адамдарға құметпен қарау, түсінушілік таныту. Бұл орайда есіме «Сыйласқанның құлы бол» мақалы түседі. Қазақ халқы тіпті танымайтын адамды үйіне қонақ қылып, төрге шығарып, сыйлаған. Жалпы адамдар арасында түрлі қарым – қатынаста сыйластық орнайды: достар арасында, туысқандар арасында, құрмет қылуға лайықты адамдар арасында. Қазақ қоғамындағы сыйластықтың бір мысалы ретінде жеңге мен өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдерінің қарым – қатынасын келтіруге болады. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.

Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.

Сондықтан отбасы тәрбие бастауы болғандықтан, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында тек жағымды қасиеттер қалыптастыра білсе екен дегім келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Hhhhhhhhelppppp
31.05.2022 21:36
Мен тұратын  көше өте үлкен,Онда жадтың стела,Акимат, қалалық сағаттар,қонақ үй,загс және ЦОН,Сауда Үйі "балалар әлем", атағы да Қазақстанның мемлекеттік туы, бос уақыттыңда өткізетін орын орталығы -Казахстан кинотеатры, балалар орталығы -Кайнар орналасқан.Менің көшем таза,үлкен,әдемі.Жолдың шеттерінде ағаштар өсіп тұрМенің көшем қазақ ақын, ойшыл, тарихшының,этнографтың, шығыс және қазақ халықтың ауызекіхалықтың шығармашылығының жинаушысы Машхур Жүсіп Копеевның атымен  аталған.Мен осы көшеде қыдырғанды,велосипедпен жүргенді жақсы көрем.Және маған осы көше дүниедегі  ең жақсы көше деп ойлайм
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота