Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.
Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.
ответ: Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес.