Біздің жер планетасы-Күн жүйесінің Бірегей планетасы. Ол барлық планеталардың ең әдемі ғана емес, сонымен қатар өмір бар жалғыз. Мұнда өмір бірегей және әр түрлі болады. Амебадан китке дейін, колибриден түйеқұсқа дейін, ленивецтен пілге дейін-жануарлардың барлық осы түрлері таңғажайып және қызықты. Сондай-ақ, ғаламшардың флорасы да таң қалдырады. Біз-бақытты адамдар, себебі ағайынды аздардың өмірін көру, байқау мүмкіндігі ерекше болды.Бірақ,Дегенмен, біз никогдан көріп отырған Жануарлар, кітаптардағы суреттерден басқа. Мамонт, тур,Dodo, Мартина ара, моа - бұл өлген жануарлардың аз бөлігі ғана. Біз ешқашан олардың сыртқы түрін, мінез-құлқын пайдалана алмаймыз.Ал қазір де, қазіргі уақытта, техникалық қауіпті уақыт болғандықтан, шекарада тұрған жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері бар. Олардың біреуінде өмір сүруге болмайды, себебі-адамдар өмір сүрді және олардың мекендейтін жерлерін жояды,ал браконьерлер олардың әдемі терісіне немесе бивнейіне байланысты өлтіреді. Егер қазір түтінге ұшырауды тоқтатпаса, онда бірнеше он жылдан кейін біздің балалар оқулықтағы суреттер бойынша ғана олар туралы таба алады.Сонымен қатар, бұл жол бермеу, сыныптан тыс іс-Қызыл өткізілді.Оның беттеріне жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері енгізіледі. Онда ЗУБР, ақ аю, қызыл қасқыр және басқа да көптеген адамдар көруге болады.Қызыл кітап 1963 жылы құрылды. Бұл кітаптағы беттер түрлі түстермен боялған, бұл сол немесе иноговидтің жоғалуының әртүрлі деңгейін білдіреді. Онда толық жойылып кеткен жануарлардың тізімі бар, олар тек қана еріксіз қалған, жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ төмен тәуекел дәрежесі бар жануарлардың тізімі бар. Қызыл кітап-заңды құжат емес. Ол-адамдарға жануарларға қатысты өз іс-әрекеттерімен ойлануға мәжбүр ететін ескерту сигналы.Бірақ жануардың атауын кітапқа жазу аз. Олардың барлығы адамдардың өздері біздің әлеміміз жалғыз және бірегей екенін түсінбейінше, оны қорғау керек.
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрттың мықтылығын танытатын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен “Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орындаған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қорқыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абылайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара таланттар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әніне еліктеп келдік. Сөйтсек, кіммен де болса тереземіз тең түсетін, иықтаса алатын дүниелеріміз жетіп артылады екен. Соның бір парасын кезінде А.Затаевич жинақтап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығармаларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақтың ән мен күйін қажетіңе жарата алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кететінін, ажарын ашып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.