Аянезнаю11
09.10.2021 04:15

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында «Балалар мен жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың психологиялық денсаулықтарын қалыптастыру мақсатында жастар үшiн анонимдiк консультациялар орталықтарын жетілдіру және психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту қажет» делінген болатын. Осы орайда жастармен жұмыс істеудің негізгі бағыттарының бірі – денсаулық сақтау орталықтарын ашу болып табылады. Сәтбаев қаласының емханасында осындай орталық 2011 жылдан бастап жұмыс атқаруда. «Сенім» деп аталатын бұл медициналық жастар орталығының қызметі жайлы бізге оны басқарып отырған орта буынды медбике Мөлдір Имамбаева айтып берген еді:
– Күйзеліске түскен жасөспірімдерге біздің орталықта медициналық көмекпен қоса, әлеуметтік, психологиялық және заңдық консультациялар көрсетіледі. Мұндағы заңгердің, әлеуметтік қызметкердің міндеті – жастардың бойындағы сенімсіздікті, қорқынышты жою, олардың санасына өз денсаулықтарына өздері жауапты екендіктерін жете сіңіру. Орталыққа келгендер бастарына түскен ауыртпашылықтан шығу жолдарын үйренеді, мамандардан ақыл-кеңес алады. Өткен жылы барлығы 2637 жасөспірімге жан-жақты медициналық көмек көрсетілді, 191 семинар-тренинг өткізіліп, 301 лекция оқылды. Жоспарға сәйкес салауатты өмір салтын ұстануға насихаттайтын бейнефильмдер, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастырылды. Әртүрлі аурулардың алдын алу тақырыбында 494 сауалнама жүргізіліп, 2997 дана буклеттер мен плакаттар таратылды. Сонымен қатар қалалық жастар одағымен бірлесіп бірнеше рет «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында флешмоб, акциялар өткізілді. Бұл іс-шаралардың барлығын біз қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісе отырып жүргіземіз, – дейді Мөлдір Имамбаева. Бүгінгі күні жастардың денсаулық сақтау орталықтарының қызметі өзінің тиімділігін және жасөспірімдермен жұмыс жасауда қажеттілігін дәлелдеп отыр. Сондықтан мұндай орталықтар болашақта да көптеген сырқаттардың алдын алуға әрі жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосары сөзсіз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
коаладоби
22.10.2021 02:09
Қармақбаулар Қазақстанда кемде-кем кездеседі, потому-что арада негізгі мында дала және тегістіктер.Солсебептен орманды Қазақстанда өте бағалайды.Кесек-кесек қармақбаулардың Қазақстанның аумағында небәрі2 сол және алтайы орман Тянь-шаня орманының.

Тянь-шаня үшін хвойные қармақбаулар мінездер, андаатайы тянь-шанская шырша бітеді.

Алтайы орманда тал-шыбықтың несколько көрінісі аратәуелділік от биіктіктің өседі. Айталық хвойные тұқымдартаудың баурайының сырт және орта бөліктерінде өседі,ал қайың және көктерек аласа бітеді.

Қармақбаулар адамдарға өте маңызды, сол жеңілжерлер!
0,0(0 оценок)
Ответ:
ksusha020504
22.10.2021 02:09
Қазақстанда ормандар өте сирек кездеседі, себебі бұл жерде негізінен дала мен жазықтық. Сондықтан Қазақстанда орманды өте бағалайды. Қазақстанда үлкен ормандар екеу ғана: Тянь-Шань және Алтай ормандары.

Тянь-Шаньда қылқан жапырақты орман, ол жақта атақты тянь-шань шыршасы өседі.

Алтай орманында биіктігіне байланысты ағаштың бірнеше түрі өседі.

Мысалы: таудың жоғарғы және орта бөліктерінде қылқан жапырақтылар тұқымдастары өседі, ал қайыңдар төмендеу өседі.
Адамдар үшін ормандардың маңызы зор, бұл жердің өкпесі!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота