Gladiolus94
26.03.2020 01:44

Көркемдегіш құралдар Мәтіннен мысал Қолданылу мақсаты
Эпитет
Метафора
Тұрақты тіркес
Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Тілі басқа тілегі, түрі басқа жүрегі бір, төскейде төлі, төсекте басы қосылған ұлттар мен ұлыстардың құт мекенді Отаны. Бейбіт күні аспанында қыраны қалықтаған, ана тілімізде әнұраны шарықтаған, достық туын желбіреткен айбыны асқақ елміз. Аттың жалы, түйенің қомында өсіп, досқа құшағын айқара ашқан бабаларымыздың өміршең әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келеді. Ұлтымыздың ұлылығы, тегіміздің тектілігі ынтымақ-достықта, береке-бірлікте екенін өмірдің өзі дәлелдеді.
1 мамыр – айтулы мереке. Қазақстан халқының егеменді елдігін, мызғымас бірлігін, толағай тірлігін айдай әлемге паш еткен күн. Осы бір табиғат, шіркін, түрленген, жер-ана беті гүлденген мамыражай мамырдың алғашқы ақ таңын ел-жұртымыз асыға күтеді. Өйткені 1 мамыр – тұтастықты-достықтан, берекені-бірліктен, зейнетті-бейнеттен, рахатты-еңбектен тапқан Қазақстан халқының бірлігі күні.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Мереке құрметіне орталық алаңға ат сабылтқан үлкен-кішінің жүздері жарқын, көңілдері шат. Мың бұралған биші қыздардың ырғақты қимылдарымен мереке ажары ашыла түсті. Орталық алаңда аудандық мәдениет үйінің дайындауымен «Ынтымақ, бірлік, келісім – Ең басты байлық ел үшін!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Sharapov2000
27.05.2022 08:58

Орман — жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б. ормандар деп бөледі. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің түрлік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Ол топырақ түзілуіне, климатқа, ылғал айналу процесіне және т.б. әсері көп, тропосферамен өзара белсенді әрекетте болады да, оттек пен көміртектің алмасу деңгейін анықтайды (ең ірі орманды аймақтар атмосферадағы оттектің шамамен 50%-ын "өндейді"). Құрлықтың 27%-ынан астамын алып жатқан орман — географиялық ландшафт элементі. Орманда ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер, мүк, қына, т.б. өседі.

Объяснение:

дегенді басшы

0,0(0 оценок)
Ответ:
azharalol
27.05.2022 08:58

Объяснение:

«Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш - халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш - ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш - ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота